ҮЕҰ өкілдерінің назарына!
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен 2022 жылға ҮЕҰ үшін 53 тақырып бойынша мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурсқа өтінімдер қабылдауды жалғастыруда. ҮЕҰ-дың өтінім беруінің соңғы мерзімі 7 ақпан күні сағат 18.00-ге дейін.

53 мемлекеттік гранттық жоба адам, балалар құқықтарын қорғау, гендерлік теңдікті дамыту, білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған орта және ұлттық бірлікті ілгерілету сияқты қоғамның әлеуметтік салаларының 12 бағытын қамтиды.
Іріктеу ережелерімен мына сілтеме бойынша толығырақ танысуға болады: https://cisc.kz/czentr-podderzhki-grazhdanskih-inicziativ...
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі