Сақтықта қорлық жоқ

Елімізде жарияланған төтенше жағдай режимі аяқталғанына да екі аптадан асты. Алайда, жұқпалы індеттің қаупі әлі де сейілген жоқ.
Сақтықта қорлық жоқ

Соған қарамастан, сақтық шараларын естен шығарып, көшеде, базарда, әлеуметтік орындарда арақашықтықты сақтамай алаңсыз жүрген қала тұрғындары маска тағуға да құлықсыз. Ал, балалар үлкендердің қарауынсыз, топ-топ болып ойнап жүр. Бұл аурудың таралуына себеп болуы әбден мүмкін. Осыны ескерген қала әкімі Бахтияр Өнербаев кешке қарай адамдар көп жиналатын Қора өзенінің бойындағы воркаут, балалар ойын алаңында көпшілікпен кездесіп, жұқпалы індеттің алдын алу бойынша белгіленген ережелерді қатаң сақтауға, балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмауға,  маска тағып, үштен артық адам топтасып жүрмеуге шақырды. Әсіресе, ойын алаңында, саябақтарда барынша абай болуды ескертті. Қауіпті індет тәртіпті сақтамайтын адамдар арқылы оның отбасына, айналасына тарайды. Отбасымды сақтаймын десең, ең алдымен тәртіпті сақта, тәртіп сені сақтайды.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.