Қоғамдық кеңестер: мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы диалог

Қазіргі уақытта елімізде жергілікті және республикалық деңгейлерде 251 Қоғамдық кеңес өз қызметін жүзеге асырады.
Барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестер қазіргі уақытта халықтың ең өзекті мәселелерін анықтау және шешу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде.
Қоғамдық кеңестер қызметінің практикасын шоғырландыру мақсатында, сондай-ақ шешімдерді талап ететін мәселелер бойынша кері байланыс алу үшін https://kazkenes.kz/ порталы жұмыс істейді.
Осыған байланысты, азаматтардың тиісті Қоғамдық кеңеске немесе Қоғамдық кеңестің нақты бір мүшесіне қоғамдық кеңестердің қызметі туралы https://kazkenes.kz/ru/questions/write_appeal/ сілтемесі арқылы бірыңғай порталда өзекті мәселелерді шешу бойынша ұсыныстармен жүгінуге болатынын хабарлаймыз.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі