Алматы облысында 600-ден астам оқушы оқитын білім ұясы қашықтықтан оқытуға көшпек

Алматы облысының аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты облыстың бас санитарлық дәрігері 2022 жылғы 14 қаңтардағы №1 Қаулы шығарды.
Жаңа Қаулыдағы ережеге сәйкес, «Ashyq» жобасына қатысуына қарамастан концерт залдарының, цирктердің, филармониялардың қызметіне, діни бірлестіктер нысандарында (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) ұжымдық іс-шаралар өткізуге (жұма намазы, діни жоралар және т.б.), конференциялар, семинарлар, көрмелер, форумдар өткізге және түнгі клубтардың қызметіне тыйым салынады.
Сондай-ақ, «Ashyq» жобасына қатысушы кинотеатрлардың толымдылығы 30% аспауы тиіс делінген бас құжатта.
«Ендігіде 600-ден астам оқушылар оқитын мектептер – қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады.ЖОО-ы, арнайы орта білім беру объектілері – аралас оқыту форматына ауыстырылсып, барлық дәрістер онлайн, практикалық, зертханалық сабақтар ыңғайластырылған кесте бойынша, семинарлық сабақтар штаттық режимде өтеді»,- деді Асхат Сәкенұлы.
Қаулы бойынша, мектепке дейінгі білім беру – ата-аналардың (заңды өкілдерінің) жазбаша келісімімен оқытудың штаттық форматта жұмыс жасауына болады.
Сонымен қатар, қосымша білім беру ұйымдарында - жеке сабақтар штаттық режимде, топтық - 10 адамға дейін, балалар/ересектерге арналған түзету орталықтарында – жеке және топтық сабақтар 10 адамға дейін штаттық режимде өткізіледі.
Айта кету керек, қызметкерлерде COVID-19-ға қарсы вакцинация және ревакцинация жүргізілгеніне қарамастан, мемлекеттік органдар, ұйымдар және кәсіпорындар персоналының (тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінен басқа) кемінде 70%-ы қашықтықтан жұмыс нысанына көшуі тиіс.