Жол сапасы – маңызды түйін

«Жетісу – адалдық алаңы» аясында Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев, осы Департамент жанынан құрылған арнайы мониторинг тобының мүшелері, сондай-ақ, Алматы облысы полиция Департаменті әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері қаламызда болып, соңғы жылдары жөн-деуден өткізілген жолдардың сапасына мониториг жүргізді.
Жол сапасы – маңызды түйін

Қала әкімінің орынбасары Сері Болысбайұлы қала жолдарының қазіргі жай-күйімен таныстырып, мәселелердің себебін түсіндірді.

«Мониторинг жүргізудегі басты мақсат – мемлекет қаржысының тиімді жұмсалуын қадағалау, еліміздің экономикалық-әлеуметтік жағдайдын жақсартуда аса маңызды мәнге ие барлық деңгейдегі автомобиль жолдарынының сапалы болуын қамтамасыз ету» деген Ж.Жұмабаев бұл бағытта қала тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтар, өтініштер мен ұсыныс-пікірлер негізінде жергілікті полиция қызметкерлерімен және үкіметтік емес ұйымдар мүшелерімен, қоғам белсенділерімен тығыз байланыста жұмыс жүргізіліп келе жатқанын атап өтті.      

Қаладағы бірқатар көшелер мен жолдарға сараптама жүргізген жұмыс тобы жөнделген жолдардың сапасы назарда болатынын, барлық түйінді мәселелердің заң аясында шешілетінін, ескертуден бастап, әкімшілік шаралар қолданылатынын жеткізді.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.