Көктемнің бір күні жылды жарылқайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай, Үкімет елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде көктемгі егіс жұмыстарының уақытында еңсерілуіне барлық мүмкіндіктерді жасап, халықтың азық-түлік қауіпсіздігін назарға алды.
Көктемнің бір күні жылды жарылқайды

Бір күні жылды жарылқайтын көктемгі егіс жұмыстарын қаламызға қарасты шаруа қожалықтары да дер кезінде қолға алып, мемлекеттің көмегімен тұқым себу жұмыстарын толық аяқтады. 

Қазіргі уақытта 669 гектар жер жыртылып, тұқым толықтай себілді. Оның ішінде дәнді дақылдар – 236, картоп – 271, көкөністер – 115, азықтық дақылдары – 5, қант қызыл-шасы – 11 және майлы дақылдар (cоя) – 31 гектарды құрайды. 

Айта кетерлігі, «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы ірі шаруа қожалығының біріне өнімділігі жоғары қант қызылшасының 16 себу бірлігі сатып алынды. Егіс жұмыстарының уақытында аяқталуы үшін 9 бірлік ауыл шаруашылық техникасы тартылып, көктемгі егіске ұқыптылықпен жүргізілген дайындық жұмыстары өз нәтижесін берді.

Көктемгі егіс жұмыстарына  жеңілдетілген бағамен берілетін 15 тонна кепілді дизель отынының  6,5 тоннасы игеріліп, тұқым жерге белгіленген көлемінде және уақытында себілді.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.