Амандық сақтықта

Баршаға белгілі, жыл сайын жылыту маусымы басталысымен еліміздің жер-жерінде адамдардың өрт қауіпсіздік ережесін сақтамауынан, салғырттық танытуынан болатын келеңсіздіктер, сондай-ақ, түрлі деңгейдегі газдан улану жағдайларының саны артады. Сондықтан, тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережелерін, төтенше жағдай орын ала қалған жағдайда әрекет етудің әдіс-тәсілдерін, газ пешті дұрыс қолдану қағидаларын жақсы білуінің маңызы зор. Осы мақсатта ұйымдастырылған шара барысында аталған бөлімдердің қызметкерлері, волонтерлар шағын топтарға бөлініп, үйлерді аралап, «Тұрғын үй секторындағы өрт қа-уіпсіздігінің жалпы ережелері», «Газдан улану» тақырыбында парақшалар таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. «Асау» сауда үйінде азаматтарды қабылдау акциясы өткізілді. Шара орталық базарда, «Металлург» шағын ауданындағы негізгі көшенің бойында, сондай-ақ, жеке секторларда жалғасты. Акция алдағы уақытта да ұйымдастырылатын болады.
Ақан Ырымжанұлы