Атаулы әлеуметтік көмек және азық-түлік жиынтықтары бойынша ақпарат

«Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі төтенше жағдай кезінде қала халқының әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар атқарды.
Атаулы әлеуметтік көмек және азық-түлік жиынтықтары бойынша ақпарат

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы №109 бұйрығына сәйкес азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар азаматтардың келесі санаттарының шоттарына 2 АЕК мөлшерінде қаражат қарастырылған:

– атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалар;

– медициналық және әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар;

– медициналық және әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, барлық жастағы бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектер;

– мүгедек баланы тәрбиелеушілер;

– жұмыспен қамтудың жергілікті органдарында тіркелген жұмыссыздар.

Елімізде төтенше жағдай басталған-нан бері 1601 азаматқа азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтарын сатып алу үшін 17500,8 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмектің екі бағыты төленді, оның ішінде:

 сәуір айында 6267,2 мың теңге сомасына

– 715 бірінші, екінші және үшінші топ мүгедектеріне;

– 96 он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға;

– 98 мүгедек баланы тәрбиелеуші-лерге;

– 219 жұмыссыз азаматтарға.

мамыр айында 8900,7 мың теңге сомасына

– 454 алты жастан он алты жасқа дейінгі балаларға;

– 713 бірінші, екінші және үшінші топ мүгедектеріне;

– 96 он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға;

– 103 мүгедек баланы тәрбиелеу-шілерге;

–  242 жұмыссыз азаматтарға.

Жыл басынан бері атаулы әлеуметтік көмек 327 отбасыға (1567 отбасы мүшелері) тағайындалып, 54749,9 мың теңге көлемінде қаражат төленді.

Атаулы әлеметтік көмек алушылар қатарынан 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға 6744,3 мың теңгеге 1536 азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар берілді, оның ішінде 6039,1 мың теңге көлемінде 1133 азық-түлік жиынтығы және 705,3 мың теңге көлемінде 403 тұрмыстық жиынтық-тар.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.