Алматы облысын 7 жыл басқарған Амандық Баталов қызметінен кетті

Орнына Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев тағайындалды. 2014 жылдың 20 тамызынан бастап бүгінгі күнге дейін Алматы облысын басқарқарған облыс әкіміне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының әкімі лауазымында көп жыл қызмет атқарғаны, өңірді дамытуға және облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға елеулі үлес қосқаны үшін алғыс білдірді.