Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы

Отырыс барысында сұранысқа ие, қоғамымызда маңызды болып есептелетін денсаулық сақтау саласындағы қызметтер мәселесі талқыланды. Жалпы ағымдағы мерзімде облыс көлемінде жергілікті атқарушы органдар және мекемелермен 8 млн. аса қызмет көрсетілсе, оның 60 % осы денсаулық сақтау саласына қатысты.
Сондай-ақ, күн тәртібінде Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының ағымдағы жылдың 9 айында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген талдау нәтижелері, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызмет көрсету бойынша статистикалық есептерді ұсыну сапасына жүргізілген талдау нәтижелері қаралды.
Отырыс барысында ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері қойған сұрақтарына толық жауаптар мен түсініктемелер берілді. Нәтижесінде, іс-шараға қатысушылар кеңес барысында көтерілген мәселелерді шешу бойынша бірлескен шаралар өткізу туралы келісті.
Отырыс қорытындысы бойынша, қызмет көрсетушілер жұмыстарын жақсарту бойынша тиісті ұсыныстар қабылданып, орындауға жолданатын болады.
Жыл басынан жұмыс тобының 5 отырысы өткізіліп, мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру бойынша 250-ден аса ұсынымдар қабылданып, бүгінгі күні мемлекеттік органдармен толығымен орындалды.
Ведомствоаралық жұмыс тобының мақсаты: мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз ету, мемлекеттің үкіметтік емес ұйымдармен және халықпен өзара іс-қимылын жандандыру жөніндегі шараларды жетілдіру болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті