БИЗНЕСТПЕН ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚОРҒАУ ЖОБАСЫ ӨҢІР КӘСІПКЕРЛЕРІНЕ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Бизнесті және инвестицияларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қорғау бойынша жобаны таныстыру мақсатында ағымдағы жылдың 03 және 04 қарашасында Оңтүстік аймақ бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл ауданаралық басқармасының басшысы Б.Алпысбаев өңірлік Кәсіпкерлер палатасымен және Алматы облысының Прокуратурасымен бірлесіп, Іле және Талғар аудандарының кәсіпкерлерімен көшпелі кеңестер өткізді.
БИЗНЕСТПЕН ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚОРҒАУ ЖОБАСЫ ӨҢІР КӘСІПКЕРЛЕРІНЕ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Көшпелі кездесулер барысында Бауыржан Алпысбаев кәсіпкерлерді «Protecting Business and Investments» жобасының іске асырылу барысымен, оның негізгі міндеттерімен таныстырып, барлық кәсіпкерлерді адал және парасатты бизнеске шақырды.

Атап айтсақ, «Protecting Business and Investments» жобасы іске асырыла бастағаннан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге өңірдің 90-нан астам компаниясы қол қойып, жалпы инвестициялық портфелі шамамен 800 млрд.теңгені құрады.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.