НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, БАЙҚАУ!

Конкурстың негізгі мақсаты, жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысуға тарту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
Қатысушы шығармашылық жұмыстардың тақырыптарын ұсынылған тізімнен таңдайды немесе өз бетінше тұжырымдайды:
- «Адал еңбек»
- «Адал адам – »
- «Менің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сөзім»
- «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не және онымен қалай күресуге болады»
- «Мен сыбайлас жемқорлық туралы не білемін»
- «Менің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі рөлім»
- «Сыбайлас жемқорлық не тудырады»
- «Әділдік. Парасаттылық. Сенім».
Өтінімдер 2021 жылдың 02 және 13 қараша аралығында қабылданады.
Байқауға қатысатын жұмыстар мен үлгіге сай өтінімдер Талдықорған қ-сы, Қабанбай батыр к-сі №36/42 мекен-жайы бойынша Департаментке немесе obl.777@mail.ru электрондық поштасына жолдануы тиіс.
Қорытындылау кезеңінде үздік деп таныған жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады. Үздік байқау жұмыстары Агенттіктің аумақтық департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланады.