Ардагерге құрмет

Қала басшысы Б.Әлтайұлы ел Президенті Қ.Тоқаевтың, Алматы облысының әкімі А.Баталовтың және қала жұртшылығының ыстық ықыласын жеткізді.
Қан майданда от кешкен ардақты ардагерлерді қалалықмәслихат хатшысы Н.Калиновский, ардагерлер ұйымының төрағасы Е.Дүйсебаев және «Nur Otan» партиясының өкілдері де құттықтады. Мәдениет үйінің өнерпаздары ҰОС ардагеріне ұмытылмастай сыйлық жасап, ашық аспан астында сазды да әсем әндерді шырқап, көңілдерді бір серпілтті. Ал, қала жастары ардагердің үйін әктеп, қоршауын сырлап, ауласын тазартты.