Амфитеатр – мәдениет мәйегі

Текелі қаласында халыққа мәдени-демалыс қызметтерін көрсету саласын кеңейту және сапасын жақсарту мақсатында Орталық саябақта амфитеатр салу жоспарлануда. Онда мемлекеттік, ұлттық және кәсіби іс-шаралар, шығармашылық фестивальдер, байқаулар, спорттық жарыстар, турнирлер, чемпионаттар және т. б. өткізілетін болады.
Көп ұзамай амфитеатр біздің қаламыздың көрікті жерлерінің бірі болады деп үміттенеміз және қала тұрғындарының ғана емес, сонымен қатар, қонақтардың да жиі келетін сүйікті орнына айналатынына сенімдіміз.