Жаңа жұмыс орындары ашылады!

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Текелі қаласында биыл ауқымды жұмыстар атқарылады.
Жаңа жұмыс орындары ашылады!

Олар:

Қонаев көшесінің «Достық» шағынауданындағы теміржол өткелінен қаланың кіре-берісіне дейінгі бөлігінде жаяу жүргіншілер жолы мен арық желілеріне күрделі жөндеу;

Рудничный ауылы көшелерінің жаяу жүргіншілер жолын күрделі жөндеу;

Зират қоршауы аумағын кеңейте отырып күрделі жөндеу;

Тәуелсіздік алаңына Тутұғыр орнату;

«Көктөбе» бақылау алаңына Тутұғыр орнату және абаттандыру;

Қора өзенінің жағалауына күн энергиясынан жарықтанатын шамдар орнату;

Қаладағы көше шырақтарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу;

Спорттық алаңдарды жаңғырту және ағымдағы жөндеу жұмыстары;

10 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары;

№6 орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары.

Бұдан бөлек балаларға арналған 22 ойын алаңы жаңадан жасалады. Сондай-ақ, «Металлург» шағын-ауданындағы 5 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Бақберген Мәдібековтің ай-
туынша, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жұмыссыздық деңгейін төмендету, халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша қалада 214 жұмыс орнын ашу көзделген. Оның ішінде 56 адам білім беру объектілерін күрделі жөндеуге, 81 адам автожолдарды күрделі жөндеуге, 58-і елді мекенді абаттан-
дыруға, 19-ы көше жарығын орнату жұмыстарына тартылады.

Аталған бағдарлама аясында қарастырылған объектілер бойынша қазір құрылыс жұмыстары басталып кетті. Оған «Жетісу Сервис», «Монолит», «Хан-Тенгри құрылыс», «Golden Citi», «Т-Строй-Проект», «Талдықорған Архитектура», «Элит Строй», «Нұр-Шапағат Құрылыс», «Жетісу Сервис», «Нұрғазы Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктес-тіктері атқарады. Қазір-дің өзінде текелілік 35 адам жұмысқа орналасты. Барлық жұмыссыз  азаматтар туған жерін дамыту әрі абаттандыруға өз үлесін қоса отыра табыс тапқысы келсе халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласуына болады. Байланыс телефоны:4-32-63, 4-29-41.

Н.Махаббатқызы

Дәурен Жұматанов, темір құрылғыларды бөлшектеп-құрастырушы, 32 жаста:

– Әлемді дүрбелеңге салған қауіпті індеттің кесірінен еліміздің көп азаматтары секілді мен де жұмыссыз қалдым. Төтенше жағдайға байланысты ел Президентінің бастамасымен «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы қолға алынғанын қалалық жұмыспен қамту орталығынан білдім. Әрине, өз мамандығыма сай жұмыс табылғанына қуаныштымын. Сол үшін Президентіміз бен үкіметке алғысым шексіз. Бүгінде «Golden Citi» ЖШС өз жауапкершілігіне алған балалардың ойын алаңдарына күрделі жөндеу жұмыстарын бастап кеттік. Дүйсенбі-сенбі күндері аралығында таңғы сағат 8.00-ден кешкі 19.00-ге дейін жұмыстамын. Айлығым –  90 мың теңге. «Екі қолға бір күрек» дегендей барлық жұмыссыз азаматтарды адал еңбекке шақырамын.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.