«Ерлігі үшін» медалімен наградталды
Текелі қаласындағы Рудничный ауылының учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Ербол Аманбаев Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен наградталды.

Еске сала кетсек, 6 қарашада Рудничный ауылында орын алған көпқабатты үйдегі өрттен қарт әйелді құтқарды. Сонымен қатар сол үйдегі өртті ауыздықтап, ауыл тұрғындарын да аман алып қалды.
Ержүрек, батыл, қайсар азаматымызды мерейлі марапатымен құттықтап, деніне саулық, отбасына амандық тілейміз.