Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысы
2021 жылдың 29 қыркүйегінде Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өткізіліп, 13 мәселелер қаралды, оның ішінде 26 тәртіптік істер, қорытындысы бойынша: Іле, Қаратал, Ескелді, Панфилов, Талғар, Қарасай, Райымбек аудандары және Талдықорған қаласының лауазымды тұлғаларына мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағандары үшін және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзғандары үшін тиісті тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

Бұзушылықтардың басым бөлігі жер заңнамасы және мемлекеттік сатып алу туралы заңнама салаларында орын алды.
Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың профилактикалық сұрақтары тыңдалды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті