Мәуелі бәйтерегім

Менің атам Қонақбаев Тұрарбек Тілеужанұлы Ақсуат өңірінің тумасы. 1932 жылы ұлы жұт, яғни, ашаршылық кезеңінде бір үйдегі 13 ағайындыдан жалғыз өзі тірі қалған екен. Оның өзінде атасы Қонақбай Көкпектідегі балалар үйіне апарып тапсырмағанда тірі қалуы да неғайбыл еді. Атам балалар үйінде тәрбиеленіп, білім алды. Ең алғыр және тәртіпті тәрбиеленуші ретінде тәрбиешілердің оң қолы болған. Сол жерде жүріп-ақ есепті шешкенде алдына жан салмайтын болған. Сол жүйріктігінің арқасында тәрбиешілердің есебін жүргізіп, көмектесіп қосымша қосымша нәпәқа тапқан екен. Мектепті үздік аяқтағандығын аттестатынан көруге болады. Сол соғысы жылдары кезеңі болса керек. Атам Алматыдағы Зооветеринарлық институтын бітіре сала, өз еркімен майданға аттанған. 1943-1947 жылдар аралығында өзінің Отан алдындағы борышын абыроймен атқарған. Майданда штаб писары болыпты. Соғыс барысында офицерлердің бұйрықтарын, солдаттар жайлы мәліметтерді, соғыс аяқталғаннан кейінгі екі жылдай өз бөліміндегі әскерлердің бүкіл құжаттарын рәсімдеуге қатысыпты. Атам өмірбойы білім алуға ұмтылған екен. Білімді азаматтарды өте жақсы көріпті. Өте еңбекқор және төзімді адам болған. Соғыстан елге 1947 жылы ғана оралып, Алматының Ұзынағашында асыл тұқымды ат заводында зоотехник болып жүрген жерінде апам Әбдірайысқызы Өзіханды кезіктіріп, әкесі қатал болғандықтан өзінің туған елі Ақсуат өңіріне алып келеді. Себебі, әкесінің тірі екендігі жайлы ақпарат алып, бір жағы, «Ер туған жеріне» деген оймен еліне оралады. Еліне оралған соң өз мамандығы бойынша жұмысқа кірісіп кетеді. 1960 жылдары атамды Ақсуат аудандық ауыл шаруашылық бөлімі жаңадан ғана құрылып жатқан бұрынғы «Октябрьдің 40 жылдығы» колхозы, бүгінгі Тарбағатай совхозына бас экономист етіп тағайындап, оқуға жібереді. Осылайша, менің атам Тарбағатай совхозының алқашқы іргетасын қалаушыларының бірі әрі бас экономисті болып зейнетке шыққанға дейін қызмет етті. Адам ұрпағымен мың жасайды дейді, атам 6 бала тәрбиелеп өсірді.