Құрметті Отан қорғаушылар мен ардагерлер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтаймыз!
Құрметті Отан қорғаушылар мен ардагерлер!

Бұл мерекенің екеуі де біз үшін бірдей маңызды, сондықтан, олар өздерін ұлы іске арнаған барлық азаматтарға – өз Отанын қорғауға деген құрмет болып табылады.

Қазақстан армиясында ерік-күшімен, мақсаткерлігімен, жоғары тәртіпті, ерекше адамгершілік және жауынгерлік қасиеттерімен ерекшеленетін адамдар қызмет етеді. Әскери қызметшілер тек жауынгерлік міндеттерді ойдағыдай шешіп қана қоймай, табиғи апаттарды жоюға қатысады, төтенше жағдайларды бақылауға көмектеседі. Олардың пандемияға қарсы күрес жөніндегі іс-шараларға белсене қатысуы соған дәлел.

Ұлы Отан соғысы мен жергілікті соғыстарға қатысушы жауынгерлер, тыл еңбеккерлері өздерінің жауынгерлік ерліктері үшін, ортақ істің игілігі мен қажырлы еңбегі үшін шынайы құрмет пен алғысқа лайық.

Сіздердің халыққа, туған жерге қызмет етудің озық үлгісін көрсетіп, қатыгез және күшті жаудың алдында сүрінбегеніңіз үшін мың алғыс айтамыз. Біз сіздерге мәңгілік борыштармыз. Өшпес ерліктеріңізге тағзым етеміз. Отан үшін шайқасып ерлікпен қаза тапқандардың барлығы Мәңгілік жадымызда!

Сіздерге мықты денсаулық, ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасына бейбітшілік пен амандық тілейміз.

           Текелі қаласының әкімі                                       Б. Өнербаев

            Мәслихат хатшысы                                      Н. Калиновский

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.