Жұмысқа келіңіз

Сәуір айынан бастап қаладағы орталық базар жанындағы арбатта қалалық жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері мобильді рекрут-пункт ұйымдастырған.
Жұмысқа келіңіз

Төтенше жағдай режимі кезінде ел Президенті Қ.Тоқаев халықты жұмыспен қамтамасыз етудің негізгі құралы ретінде жаңа «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бағдарламасы іске асырылатынын жеткізген болатын. Осы орайда, қала тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Орталық қызметкерлері  жаңа бағдар-ламаның мақсат-міндеттерімен таныстырып, зейнеткерлік жасқа дейінгі еңбекке қабілетті жұмыссыз азаматтарды шақырады. Биыл көктем, жаз айларында №6 орта мектебіне және көше жолдарын жөндеу, тротуар салу жұмыстары жасалып, тұрғын үй аулаларында балаларға арналған 22 спорт алаңын жөндеу шараларына жұмысшылар тартылмақ. Орталық директоры Б.Мәдібеков күніне 12-ден 40 адамға дейін жүгінгенін айтып, барлығы 214 адамды жұмыспен қамту жоспарланғанын жеткізді. Сондай-ақ, 500-ден астам адам қоғамдық жұмыс шеңберінде қосымша жұмысқа тартылатынын мәлімдеді. Толық ақпаратты 4-29-41 байланыс телефоны арқылы білуге болады.

Нұржан Махаббатқызы

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.