Ел бірлігі – оның әралуандығында

Айтулы мереке көпұлтты елімізде тілдік ахуалды, ұлтаралық қарым-қатынас пен қоғамдық келісімді реттеу мақсатында пайда болды. «Үш тілді меңгеру, білу – бұл жаһандық әлемге жолдама деген сөз. Жаһандық әлемде біздің жастарымыз «Планета азаматы» болады», - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев.
Қазақстанда тұрып жатқан ұлттардың тілі мен мәдениетін қолдау арқылы ел бірлігін нығайту – ортақ мүддеміз.
«Ел бірлігі – оның әралуандығында». Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз», - деп Қ.К.Тоқаев ел халқына жолдауында белгілеген еді.