Ержүрек тұлға

– Менің атам соғыс жылдары, ал әжем соғыстан кейін дүниеге келген. Ал әжемнің әкесі, яғни, менің әкемнің нағашы атасы Қоқанбайұлы Оразбай атам соғысқа қатысып, Берлинге дейін барған. Оның көп медальдары бар.
ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені, «1941-1945 жж. ҰОС Германияны жеңгені үшін» және көптеген мерейтойлық медальдары бар. Жеңістің 40 жылдығында алған мерейтойлық медалін әкем естелік ретінде сақтап жүр. Оразбай атам соғыстан аман-есен оралып, көп жыл ұстаздық етті. Тараз қаласындағы Даңқ монументінде ардагер атамның аты-жөні жазылған. Мен ержүрек атамды мақтан тұтамын. Оның ақыл-парасаты, адамгершілік қасиеті өскелең ұрпақ, біздерге үлгі-өнеге.
Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды.