Біз сізді ұмытпаймыз

Біз атамыз Қожахмет Сембайұлының ерлігімен, батыр да батыл қасиеттерімен мақтанамыз. 1942 жылы күзде Көксу ауданынан соғысқа аттанды. Алдымен снайперлер мергендер мектебіне жіберіліпті. Одан соң Ленинград шайқасына аттанған екен. 62-армия мергендер атқыштар тобына жіберіліп, армияны басқарған генерал В.Чуйков басшылығында Сталинград шайқасына қатысады.
Курск доғасында өте қиын шайқастарға қатысып, үш рет жарақаттанып, бір рет кантузия алған. Ерлік көрсеткені үшін бірнеше рет төс белгілерімен марапатталды. «Қызыл жұлдыз» орденімен, «Даңқ» медалімен, Ұлы Отан соғысы орденімен марапатталды. Германияны жеңгені үшін медаль таққан. 1945 жылы Берлин қаласында Жеңісті қарсы алады. Біз ұрпақтары мәңгі мақтан етеміз.