Балалар ойын алаңы жөнделуде

Қауіпті індеттің жаппай таралуының алдын алу мақсатында елімізде төтенше жағдай жа-рияланғанына да екі айға жуық уақыт болып қалды. Осы аралықта қала тұрғындарының басым бөлігі, әсіресе, балалар мен қарт кісілер үйде отыр. Егер жағдай біртіндеп тұрақтала бастаса, төтенше жағдай талаптары жеңілдетіліп, адамдардың аулада, саябақтарда дем алып, бой жазуына рұқсат беріледі деп күтілуде. Осыған орай, қала әкімінің тапсырмасымен Қора өзенінің бойындағы балалар ойын алаңы тұтастай жаңғыртылуда.
Балалар ойын алаңы жөнделуде

Атап айтқанда, әртүрлі ойын құрылғылары мен турниктер жаңадан орнатылып, тағаны жасанды жабынмен көмкерілуде. Маңайға адамдар отырып дем алатын жайлы орындықтар орнатылады. Жөндеу жүргізіп жатқан «Хан-теңгріқұрылыс» ЖШС директоры Ерлан Мандаевтың айтуынша барлық жұмыстар 9 мамырға дейін аяқталады. Сонымен бірге, өзен бойын жағалай орнатылған қауіпсіздік қоршауы биіктетіліп, тұтас-тай қайта боялады.

Демек, қала тұрғындарының жайлы өмірін, қаламыздың таза әрі көркем келбетін қалыптастыру жолында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Азаматтарымыз мемлекет қаржысымен игеріліп, халық игілігіне берілген нысандарды қорғауы, сындырып, бүлдіретін басбұзарлыққа жол бермеуі керек.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.