Атам – мақтанышым

Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр жауынгерлердің тізімінде менің де атам Жұмабай Аманбаев болды. Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ. Бұл сөздер мереке кезінде жиі естіледі. Ерлікпен қаза тапқан ерлердің ескерткішінде бұл сөздер тасқа қашалып, ойылып жазылған. Ал, осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан аталарымыз бен апаларымыздың рухына құрметпен бас иеміз. Ұлы Отан соғысының қарсаңында мен атам туралы сөз қозғамақпын. Менің атам бірінші Украинский фронтта соғысқан. Атам соғыстың басынан бастап, аяғына дейін соғысты. Екі мәрте отқа ұшырап, қатты жарақат алған. Оттан қатарлас жауынгерлерін құтқарғаны үшін екінші дәрежелі «Қызыл Ту» орденімен марапатталды. 1945 жылы соғыс аяқталысымен аман-есен елге оралды. 1946 жылы атам өзінің өмірлік жары, менің апамды кезіктіріп отау құрған. Атам мен апам 5 ұл, 6 қыз тәрбиелеп жеткізген. 1986 жылы атам дүниеден озды. Мен өз атамды мақтан тұтамын.