«Тіл-парасат» байқауының жеңімпазы

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері төл тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейді. Қазіргі таңда өнер, әдебиет, мәдениет, баспасөз, радио, теледидарымыз 90-жылдарға қарағанда қазақша сайрап тұр десек болады. Бұл – еліміздің нақты жағдайын жете бағамдай отырып жүргізілген сындарлы саясаттың арқасында еңселене түскен мемлекеттік тіліміздің зор мәртебесі.
«Тіл-парасат» байқауының жеңімпазы

Айгүл Қалысбаева басқарып отырған «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының Текелі қалалық филиалы да өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді меңгертуде елеулі қызмет атқарып, өз үлесін қосуда.
Орталықта әр 3 ай сайын 6 топ бойынша А1 – қарапайым, А2 – базалық, В1 – орта, В2 – ортадан жоғары деңгейлері бойынша мемлекеттік тілді оқыту курсы жүргізіліп келеді.
2021 жылдың қаңтар айынан бері А1, А2, В1, В2 деңгейлері бойынша І-ші тоқсанда 60 тыңдаушы, ІІ-ші тоқсанда 78 тыңдаушы мемлекеттік тіл бойынша курсты аяқтады. Нәтижесінде 41 тыңдаушы сертификат, 97 тыңдаушы куәлік алды.
Орталықтың бағдарламасына сәйкес, курстың академиялық сағат саны – 48. Бүгінгі таңда аталған деңгейлер бойынша 78 тыңдаушы тіл үйренуде. Алдағы уақытта, қараша айынан бастап жергілікті жердің этнос өкілдеріне арналған қазақ тілін грамматикасыз, жеңіл әрі оңай жолмен, яғни ауызекі сөйлеуді үйрету мақсатында «Қазақша сөйлейік» атты клуб құру жоспарлануда. Мұның мемлекеттік тілді меңгерушілерді қуантары сөзсіз.  
Бүгінде қаламыздағы өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруге деген құлшынысы жоғары. Бұл – күнделікті өміріміз бен болашағымыз біте қайнасып жатқан баршамыздың ортақ игілігіміз. Мемлекеттік тілге ереше құрметпен қарайтын тыңдаушымыздың бірі – Суковаткина Нина Сергеевна. Нина біздің орталыққа келген алғашқы күнінде-ақ тілді өзі үшін үйренгісі келетінін және тілге деген құрметін мақтанышпен айтты. 18 қыркүйекте өткен өңірлік «Тіл-парасат» байқауына қатысып, өзінің осы уақытқа дейін тілді қаншалықты меңгергенін дәлелдей түсті. Жарыста оза шауып, әділқазылардың ерекше ықыласына ие болды. Алғыс хат және ақшалай сыйлықпен марапатталды.
А.АЛИМБАЕВА, «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы КММ, Текелі қалалық филиалының оқытушысы

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.