Бір халық – бір ел – бір тағдыр

«Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Ботантаев, қалалық татар этно-мәдени орталығының жетекшісі Т.Джылкибаева және қала тұрғыны, шешен ұлтының өкілі З.Абдурзакова кітап-ханашылар мен мектеп оқушылары қатысқан дөңгелек үстелдің құрметті қонағы болды.
Алдымен көпшілікке Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылу тарихы және оның мақсаттары мен міндеттері жайында жан-жақты мағлұмат берілді.
ҚХА Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен 1995 жылғы 1 наурызда құрылды. Саяси, экономи-калық жағдай күрделене түскен тоқсаныншы жылдарда еліміздегі түрлі этникалық топтар мен конфессиялар арасындағы өзара сенім мен түсіністікті нығайту, қоғамдық тұрақ-тылықты сақтау мемлекетіміздің баянды дамуын қамтамасыз етуде осындай институтты құру қажеттілігі туды. Қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, рухани-мәдени ортақтық негізінде қазақстандық бірегейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде еліміздегі этнос-аралық келісімді қамтамасыз етуді басты мақсат тұтқан Ассамблея мәдениет-аралық диалогты, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып қалыптасты. Бүгінде Ассамблея этносаралық келісімді, қоғамдағы толе-ранттылықты және халық бірлігін одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасауға, азаматтардың демократия нормаларына негізделген саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға атсалысып келеді.
Қуғын-сүргін жылдарында Қазақстанға жаппай көшірілген және басқа елдердегі түрлі қысымнан жан сауғалап, қазақ жерін пана тұтқан этнос өкілдерінің ұрпақтары Т.Джылкибаева мен З.Абдурзакова ата-аналарының, туыс-туған-дарының басынан өткен ауыр тағдыр жайында әңгіме өрбітті. Басқасы басқа, Қазақстанға бастаған жол қаншалықты қиын болса да, түп тамырымен жойылып кетуге шақ қалған қанша ұлттың өкілдері бей-бітшіл, дархан көңілді, мейірімді қазақ халқының арқасында бүгінде қазақ жерінде бір қауым ел болып, Қазақстан халқының бір бөлігіне айналды. Мұның барлығы еліміздегі берекелі өмірдің тәтті жемісі екенін тарихи деректермен баяндап, бүгінгі жас ұрпақты қолымыз жеткен жетістіктерді бағалай білуге шақырды.
«Егер жақсы іс үшін, тым болмағанда екеудің басы қосылса, ол іс жүзеге асады» деген шығыс даналығы бар. Халқымыз «Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді. Бірлікті сақтаған, жақсы істі жақтаған ел озады.