Ерлік мәңгілік жадымызда

Биыл Ұлы Отан соғысының аяқталғанына – 75 жыл. Осы орайда, 1945.kz сайты іске қосылды.
Ерлік мәңгілік жадымызда

Әлемді дүрліктірген пандемияның әсерінен биыл Жеңіс күніне арналған шеру өтпейтіндіктен, ең алғашқы онлайн шеруді тамашалауға мүмкіндігіңіз бар. Сондай-ақ, сайтта Ұлы Отан соғысында ерлік танытқан майдангерлер мен тылда еңбек еткендердің өмір жолы, естеліктер жарияланып келеді. Соғыс ардагері туралы мәліметті оның туған-туыстары, ниет білдіруші кез келген азамат ardager@1945.kz электронды мекенжайына немесе @Ardagerbot телеграмбот арқылы жіберіп, батыр ата-әжелеріңіздің тарихымен заманауи цифрлық технологиялар арқылы бөлісе аласыздар. Бұдан бөлек әлеуметтік желіде #AtamnynAmanaty75 челленджі жүріп жатыр. Мұнда қазақстандықтар ардагерлердің өмір жолын баяндап, арнау оқиды. Біз барлығымыз өскелең ұрпақтың күш-жігерін біріктіре отырып, ата-әжелеріміздің ерлігін мәңгі есте сақтауға тиіспіз.                 

1945.kz

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.