Жаз қызығы жан сергітеді

Жанды жадырататын жаз айлары – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт екені сөзсіз.
Жаз қызығы жан сергітеді

Сондықтан, балғындардың демалыс уақытын тиімді өткізіп ұйымдастыру мақсатында қалалық білім бөлімі тиісті жұмыстарды атқару үстінде.
Мамандардың айтуынша, орын алып отырған эпидемиологиялық ахуалға байланысты барлық санитарлық талап сақталады.
25 мамырдағы мәліметке сәйкес қалада 1-10 сыныпта оқитын 4491 оқушы бар. Қорғаншылықтағы және қамқоршылықтағы, патронаттық тәрбиедегі жетім балалар саны 55, көп балалы отбасылардан – 1126, аз қамтылған отбасылардан – 725, толық емес отбасылардан шыққан балалар саны – 650.
Күндізгі қосымша білім беру ұйымдарында тамақта-нусыз екі ашық алаң туризм орталығы және балалар шығармашылығы орталығы жұмыс істеп тұр. Балалар шығармашылығы орталығының базасында 170 оқушы 14 үйірме бойынша, яғни,  музыкалық, көркем, қолдан-балы бағыттар саласында қосымша білім алып жатыр.
Туризм және өлкетану орталығында демалыс маусымында 110 ға жуық баланы қамтитын 10 жорық-экскурсия, 260 балаға арналған 18 өлкетану экскурсиясы, 88 балаға 8 көшпелі спорттық жиыны бар.
Бұған қоса, қала сыртындағы «Эдельвейс» жеке меншік лагерінда 560 бүлдіршіннің алаңсыз демалуы-на мүмкіндік жасалған. Аталған демалыс аймағы бір маусымда 250 баланы қабалдайды. Лагерь жұмысын 15 маусымда бастап кетті. Бұдан бөлек, «Бастау» жеке меншік тілдік бағыттағы лагеріде 300 баланы жазғы демалыспен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Орталық бір маусымда 160 демалушыны қабылдай алады.
Айтып өтейік, жоғарыда аталған «Эдельвейс» жазғы сауықтыру орталығына бір балаға 7 күнге арналған жолдама құны 25 мың теңге, ал, «Бастау» лагерінде 27 мың теңгені құрайды.
Осылайша жыл бойы сабақ оқыған оқушылар жазғы демалыстарын тиімді әрі қауіпсіз өткізе алады. Мектеп қабырғасында да лагерь бар. Онда балалар қалауы бойынша барады.          
 Гауһар МҰСА

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.