Тәртіп – қалыпты өмір шарты

Жұқпалы індеттің таралуының алдын алу бойынша жарияланған төтенше жағдай талаптарын бұлжытпай орындау – аурудың таралуын тоқтатып, қалыпты өмірге қайта оралуымыздың басты шарты.
Тәртіп – қалыпты өмір шарты

Қазір қаламызда да төтенше жағдай талаптары күшейтілуде. Арнайы рұқсатпен жұмыс істеп жатқандардан басқа қала тұрғындары азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алу секілді қажеттілік болмаса ешқайда шықпауы, үйде болуы керек. Алайда, біраз адамдар төтенше жағдай талаптарына немқұрайды қарауда. Тәртіпті қадағалаушы полиция қызметкерлері тарапынан 115 әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасы толтырылып, сотқа жіберілген. Әрине, полиция қызметкерлері алдымен ескерту жасайды. Соған қарамастан, белгіленген тәртіпті қайталап бұзғандар жауапкершілікке тартылады. Сот шешімімен 2 адамға айыппұл, 16 адамға ескерту берілді. 14 адамды қамауға алу туралы шешім қабылдаған. Қала тұрғындары тәртіпке саналы бойсұнып, өзінің және отбасының, жалпы қала тұрғындарының өміріне жауапкершілікпен қарауы керек. Бұл – баршамызға ортақ міндет.   

Үйден шықпаңыз! Үйде болыңыз! Отбасыңыздың амандығын ойлаңыз! Денсаулықты сақтау – жеке оқшаулану екендігін ұмытпаңыз! Тазалықты сақтап, қорғануды есте сақтаңыз!

Біз біргеміз!

 

    Төтенше жағдай кезіндегі жадынама

халықтың жаппай жиналатын  қоғамдық орындарға баруына (саябақтар, жағалау скверлері, спорт алаңдары, үй жанындағы балалар алаңдары);

кәмелетке толмағандардың ересектердің қарауынсыз өз бетінше жүріп-тұруына;

бір отбасынан басқа, қоғамдық орындарда 3-тен астам топтасып жүруге;

үйге қонақ шақыру мен отбасылық іс-шаралар өткізуге;

адамдар көп жиналатын жерлерде, қоғамдық көлікте бетпердесіз жүруге тыйым салынады.

65 жастан асқан азаматтардың көшеде жүріп-тұруы шектелген.

азық-түлік дүкендері мен дәріханалар сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.