Құрметті қала тұрғындары!

Республика аумағында жұқпалы індеттің таралуының алдын алу мақсатында жарияланған төтенше жағдай кезеңінде зираттар мен басқа да жерлеу орындарына, адамды жерлеу рәсімінен басқа (адамдардың шектелген санынан артық) баруға тыйым салынатындығын хабарлаймыз.
Карантиндік режимді қатаң сақтау мақсатында марқұм болған жандарды еске алу үшін дәстүрлі ата-аналар күніне орай бейіт басын тазартып, құран бағыштауды кейінге қалдырған жөн.