Өркениетті қоғам заңды негіз етеді

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Жол жүру ережесі туралы» Заңдары бойынша қалалық ТЖБ мен 15-ӨСБ жеке құрамы қатысқан дөңгелек үстел өтті.
Өркениетті қоғам заңды негіз етеді

Жең ұшынан жалғасқан жемқорлық қоғам мен мемлекет үшін, адамды мүгедек ететін не өлімге соқтыратын қауіпті індет секілді. Сондықтан да, сыбайлас жомқорлық актілері Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңымен қадағаланады және қатаң біржақты етіледі. Дөңгелек үстелде «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марғұлан Ботантаев аталған заң баптары бойынша жан-жақты түсіндірді.

Жасыратыны жоқ, бүгінде елімізде жол көлік шырғалаңдары азаймай тұр. Ауыр жарақаттар мен мізгілсіз өлім-жітім қаншама отбасын қайғыға батыруда. Сондықтан, ең алдымен, азаматтарымыздың қоғам алдындағы жауапкершілігін, заңдық білімін арттырудың маңызы зор. Қалалық полиция бөлімінің ЖПП инспекторы, полиция аға лейтенанты Бауыржан Нұрмұханбетов «Жол жүру ережесі» бойынша өзгерістер мен толықтырулар және заңнамада қарастырылған жауапкершіліктер туралы кеңінен баяндады.

 Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.