Өрт – тілсіз жау

Жердегі апаттың, қасіреттің бірі – адамның қадағалауынан шығып кеткен өрт, ол – жер бетіндегі тіршіліктің жауы.
Өрт – тілсіз жау

Өрттің артында қайғы-қасірет пен өртенген заттардың қалдығы қалады. Қадағаланбаған өртте аңдар мен ќұстар, өсімдіктер жойы-лады, адам қолымен салынған ғимараттардағы өртте адамның өмірі мен денсаулығына қатер төнеді.

Сіріңкемен ойнаған қараусыз бала, өшірілмеген от немесе тасталған темекі тұқылы өрт қаупін төндіретінін ойламаймыз. Өрттің басты себептерінің бірі – от ошақтарын пайдаланудағы салақтық. Қазір ауа-райы жылынған сайын отты азырақ жағады, бірақ одан өрт шығу қауіптілігі азаймайды. Пештерде қыстай мұржа ішіне ыс жиналып, түтіннің шығуын қиындатып, өрт шығуына себеп болуы мүмкін. Қазір әр үй иесі мұржаны, пешті жиналған ыс пен күлден тазартуы кажет.

Тек қана өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап, отты пайдалануда сақ болған адам қауіпсіздігіне кепілдік береді.

Қ.Асылбаев, Текелі қаласы ТЖБ аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.