Өркендеу жолы

Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады.
Өркендеу жолы
  • Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты.
  • Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді.
  • Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті.
  • 1999 жылы Нұр-Сұлтан ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі.
  • 2019 жылы Қазақстан Республикасының астанасы Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталды.
  • «Бәйтерек» кешені жаңа елорданың басты символына, оның өзіндік бойтұмарына айналды.
  • Өзге де бірегей сәулеткерлік ғимараттар қатарында белгілі британдық архитектор Норман Фостердің жобасы бойынша пирамида үлгісінде салынған «Бейбітшілік және келісім» сарайын, әлемдегі ең биік шатыр үлгісіндегі ғимарат – «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығын, теңізден алыс орналасқан океанариум – «Думан» орталығын, «Астана опера» опера және балет театрын, Орталық Азиядағы ірі мешіт – «Әзірет Сұлтан» мешітін, Әулие Успен Богородица кафедралдық соборын, Әулие Мария Архиепархиясы рим-католиктік кафедралдық соборын, «Бейт Рахель Хабад Любавич» синагогасын, «Қазақстан» орталық концерт залын, «Қазақ Елі» монументін, Қазіргі заманғы өнер музейі мен Президенттік мәдени орталық ғимараттарын атауға болады.
  • Елордада тұрақты негізде әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері, Астана экономикалық форумы және басқа да халықаралық маңызды іс-шаралар өтеді.
  • Нұр-Сұлтанда ЕҚЫҰ-ның тарихи саммиті, ШЫҰ мен ИЫҰ-ның мерейтойлық саммиттері болып өтті.
  • 2011 жылдың басында республиканың елордасы VII Қысқы Азия ойындарының қатысушылары мен қонақтарын қабылдады.
  • 2017 жылы Нұр-Сұлтанда «Expo-2017» халықаралық көрмесі өтті.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.