Жұмыс барысы сараланды

«Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқор-лыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын жүзеге асыру мақсатында, «Азаматтық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жай-күйі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Текелі қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің және №15 өрт сөндіру бөлімі жеке құрамы арасында өткізіл дөңгелек үстел барысында еліміздегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық қылмысының басты себептері түсіндірілді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау жөніндегі шаралар туралы айтылды. Қызметкерлер семинар қонақтарымен сұрақ-жауап алмасып, тақырып аясында жан-жақты пікірлесіп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Қорытындылай келе, біздің қоғамда сыбайлас жемқорлық сияқты
зиянды құбылысты күш біріктіре отырып қана жеңе алатындығымызды атап өткім келеді. Сонда ғана бәсекелестікке қабілетті мемлекеттер қатарына қосылу туралы ұлттық идеяны жүзеге асырамыз.
Б.Сүлейменов, Текелі қаласы ТЖБ бастығы, азаматтық қорғау майоры