«Үздік ауыл әкімі» Республикалық конкурсы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 50 қаулысымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жөніндегі 2021 жылға арналған жол картасының 63-3 тармағына сәйкес «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының басталғандығы туралы хабарланады.
«Үздік ауыл әкімі» Республикалық конкурсы

Конкурсты өткізу кезеңі: 2021 жылдың маусым-қазан айлары.

Конкурсқа қатысуға кент, ауыл, ауылдық округтарда әкім лауазымында бір жылдан кем емес еңбек өтілі бар, сондай-ақ алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ ауыл әкімдеріне жол беріледі.

Конкурсқа құжаттар 2021 жылдың 25 маусымынан бастап 10 шілдеге (қоса есептегенде) дейін қабылданады.

Конкурстың ережесі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің және облыс Әкімдігінің ресми сайтына орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/documents/details/181533?lang=kk).

Конкурс құжаттарын ags_2010@mail.ru эл. поштасына жолдауыңыз қажет.

Конкурсты ұйымдастыруға байланысты қосымша сұрақтар бойынша 8-7282-240804, 8-701-7774580 тел. нөміріне хабарласуға болады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.