Азаматтық болмыс

Бүгінде жастар арасында азаматтық борыш – әскери міндетті өтуден жалтаратындар жоқ емес. Кейде азаматтарымыз әскери өмірге дайын болмай жатады. Ұл балалар елдің қорғаны екенін сезініп, спортпен, сала-уатты өмір салтымен дене қуатын шыңдап, ер азаматқа тән болмысты бойына сіңіріп өсуі лазым. Сондықтан, оқушыларды мектептегі АӘД пәніне белсенді қатысуға, әскери өмірдің қыр-сырын меңгеруге ынталандыру, баулу жұмысы маңызды. Кездесуде осы түйіндерге назар аударылды. Сондай-ақ, мектеп бітіретін оқушылардың болашақ мамандықты біреудің ықпалымен емес, өз мүмкіндігіне, ерекшеліктеріне, бейініне қарай таңдай білуінің маңыздылығы жайында айтылып, болашағын әскери өмірмен байланыстырғысы келетін жастарға еліміздегі және шетелдердегі жоғары әскери оқу орындары жайында мағлұмат берілді.