Алматы облысының мемлекеттік қызметкерлері арасында «OFFICE OLIMPICS» атты кеңсе олимпиадасы

Шараның мақсаты, облысымыздың мемлекеттік қызметкерлері арасында бір-бірімен достық қарым-қатынасты нығайтуға, ой ұшқырлығы мен ұжымдық әрекет ету дағдысын қалыптастыруға, ізденпаздық пен жылдамдық қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Қойылған олимпиаданың талаптары, жылдамдық пен ұшқырлық, дауыс мәнері және тіл тазалығы, сөйлеу мәдениеті мен киім үлгісін сақтауы.
Жалпы жарысқа облыстық басқармалар мен аудан, қала әкімдіктері қатысып өзара сынға түсті. Жарыс барысы мемлекеттік қызметкерлер тамаша ойын көрсетіп, командалық бірлік пен жылдамдық қабілеттерін қарсыластар алдында дәлелдей білді.
Нәтижесінде ойын күнінің қорытындысы бойынша І-орынды Ұйғыр ауданы «Әділет» командасы қоржынына салды, ІІ-орынды Көксу ауданы «Көксу қырандары» командасы иеленді, ІІІ-орынды Қарасай ауданы «Біліктілер» командасы алды, ал басқа командаларға Департаментпен және Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының атынан алғыс хаттар табысталды
Естеріңізге сала кетейік іс-шара Алматы облысы бойынша жоғары деңгейде алғашқы рет өткізілуде.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті