Алматы облысында Ұлттық халық санағы 2021 жылдың бірінші кезеңі басталды

Биыл 1-30-шы маусым аралығында Ұлттық халық санағының бірінші кезеңі басталды. Бұл кезеңде аудандарға бөлу жұмыстары жүргізіледі, тұрғын үйлерді және тұрғын емес үй-жайларды аралау және тұратын халық санын нақтылау.
Дайындық жұмыстарына облыс бойынша 821 адам жұмылдырылды. Интервьюерлердің өздерімен бірге арнайы куәлігі, халық санағы логотипі белгісімен портфель және планшеттері бар.
Сонымен қатар, 2021 жылдың 1-ші қыркүйек айынан арнайы мамандырылған sanag.gov.kz. платформасы іске қосылады. 15-ші қазан айына дейін қазақстандықтар өзін және отбасы мүшелері үшін онлайн форматта сауалнама беттерін толтырып, санаққа өз бетінше осы платформада қатыса алады. Сондай ақ, осы платформаға Egov.kz электрондық Үкімет порталы арқылы кіруге болады.
2021 жылдың 1-30-шы қазан аралығында дәстүрлі үй-үйді аралау кезінде онлайн-форматта санаққа қатыспағандардан ақпарат жинағын алу үшін сұхбаттасушының ЖСН–ін қолданып, интервьюерлер «Ұлттық санақ» Ақпараттық жүйесі қосылған планшеттері арқылы санақ жүргізеді.
Халық санағы кезінде азаматтар сұрақтарын төлемақысыз бірыңғай call-центр 1446 және 8 8000 800 878 нөмірі арқылы сұрақтарын қоя алады.