ECO MEKEN AWARDS-2021

Жобаның мақсаты — экологиялық көзқарасты кеңінен насихаттау және келешегі бар қатысушыны анықтау, оған басты сыйлық ретінде өзінің экологиялық бизнесін ұйымдастыруға көмектесу.
Алғашқы шығарылым «Хабар» телеарнасында қыркүйек айында, ал жобаның соңғы шығарылымдары желтоқсан айында көрсетіледі.
«Жоба ауқымды, оны біздің көрермендер жаңа маусымда көре алады. Түсірілім еліміздің барлық аймақтарында өтеді. Жоба жеңімпазы 10 миллион теңге алады. Екінші орынға — 5 миллион және үшінші орынға — 3 миллион теңге бөлінген. Сондықтан біз барлық қазақстандықтарды жобаға белсенді қатысуға және қоршаған ортаны жақсартуға өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз», — деді «Хабар» арнасының директоры Динара Бисембина жарыстың басталуына арналған брифингте.
Жобаға қатысу үшін 2021 жылғы 24 мамырдан бастап 8 маусым сағат 18:00-ге дейін қатысушы веб-сайтқа өтінім жібереді, оған келесі құжаттар қосымша ұсынылады:
1. Қатысуға өтінім;
2. Қатысушының jpeg форматындағы фотосуреті;
3. Қатысу мотивациясы бар бейнеролик сапасы 720р, ұзақтығы 1 минутқа дейін.
Жобаға қатысуға түсірілім күнінде 18 жастан асқан Қазақстан Республикасының аумағында тұратын адамдар жіберіледі.