Суда абай болыңыздар!

Судағы қайғылы жағдайлар көбіне азаматтардың судағы қауіпсіздік ережелерін дөрекі бұзуынан немесе оны білмеулерінен орын алады.
Суда абай болыңыздар!

Судағы негізгі қауіпсіздік ережелерін есте сақтаңыздар:

• тек жабдықталған жаға-жайлар мен басқа да шомылуға арналған орындарда, ресми рұқсаты және құтқару қызметі бар жерде ғана шомылыңыз;

• жүзу білмесеңіз белдеріңізден жоғары келетін суға түспеңіздер;

• шомылу кезінде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыздар;

• жағадан алыс, қойылған белгіден аспаңыздар;

• жүзу білмесеңіздер, дөңгелекті, үрлемелі матрасты пайдаланбаңыздар;

• жүзіп келе жатқан катерлер мен қайықтарға жақындама-ңыздар;

• қайықтан, көпірден және кеме аялдайтын орында суға секірмеңіздер;

• суға көп шомылмаңыздар, аса тоңып және шаршап қалуларыңыз мүмкін;

• түнгі уақытта және мас күйлеріңізде суға шомылмаңыздар;

Құрметті ата-аналар, мұғалімдер, балаларды сауықтыру лагерлерінің, туристік фирмалардың және демалыс зоналарының басшылары!

Балаларды қатаң бақылаңыздар, оларды үлкен-дердің бақылауынсыз қалдыр-маңыздар. Балаларға тек арнайы жабдықталған орындар мен жерлерде үлкендердің  қадағалауымен ғана шомылуға рұқсат етіңіздер. Балаларға үрлемелі матрастармен, камералармен, тақтайлармен, үрлемелі ойыншықтармен жүзуге қатаң тиым салынады. Оларды жағадан жел немесе ағын алысқа алып кетуі мүмкін, ал бұл көмек көрсетуге қиындық туғызады.

Азаматтар, суда абай болы-ңыздар! Судағы қауіпсіздік ережелері мен сақтық шараларын сақтаңыздар, сонда су жағасындағы демалыс ойдағыдай болады.

Естеріңізде болсын!

Егер сізге қауіп төнсе, көмек қажет болса «112» құтқару қызметініне хабарласыңыз.

Текелі қаласы ТЖБ

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.