Қоғамға бейімдеу

Сотталған азамат түзеу мекемесінен мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғаннан кейін тұрғылықты мекенжайы бойынша аймақтық полиция инспекторының есебіне тұрады. Аймақтық полиция инспекторы сотталған азаматты өзінің есебіне алғаннан кейін жазаны өтеудің тәртібін және шарттарын толық түсіндіріп, әлеуметтік құқықтық көмек көрсету мақсатында пробация қызметіне сотталған азаматтың келуін қамтамамыз етеді.
Пробация қызметі өз кезегінде сотталған азаматтың денсаулық жағдайын, білім деңгейі мен жұмыспен қамтылуын, сондай-ақ, тұрғылықты жерінің бар-жоғын анықтай отырып ол адамды қоғамға қайта бейімдеу және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің іс-шараларын жүзеге асырады.
М.Жақсығұлов, Текелі қалалық ПҚБ инспекторы, әділет капитаны