Әділдік — ізгіліктің іргетасы

Атап айтсақ, №4 орта мектебінің директоры Меруерт Бюринамен «Адалдық – адами құндылық», №1 орта мектебінің директоры Гүлнар Қойгелдиевамен «Өзіңізге және басқаларға адал болыңыз», №3 орта мектебінің директоры Лаура Байсұлтановамен «Әдепті адам үлгісі», №2 орта мектебінің директоры Айдын Маликовпен «Парасаттылық біздің ойларымыздан басталады» тақырыбында сұхбат ұйымдастырылды.
Тағылымы мол сұхбаттарда адамның адал өмір сүріп, әділ сөйлеуі, парасаттылық пен ізгілікті қалыптастыруда қандай тәрбиені негізге алуымыз қажеттілігі жайында кеңінен ой қозғалды.
Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени, ғылыми өрісін озық етіп тәрбиелеу – біздің қоғам алдындағы борышымыз. Ата-ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, ата-ананың күн са-йын атқарып жүрген жұмысы балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер не айтса, соны айтатыны, не істесе, соны істегісі келетіні белгілі. Баланың үйден көргені, етене жақындарынан естігені ол үшін адамгершілік тәрбиенің ең үлкені. Демек, жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға берер тәлімі мол болмақ.
Қазіргі таңда елімізде жас ұрпақты адамгершілікке, адалдыққа, парасаттылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу мақсатында түрлі жобалар бар. «Саналы ұрпақ», «Парасаттылық мектебі» жобалары еліміздің білім ошақтарында жүзеге асып жатыр. «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жұмысы бір төбе. Мұның бәрі жастарымыздың адал, еңбекқор, өз елін, жерін сүйетін азаматтар болып қалыптасуына ықпал ететініне сенеміз.
Біреудің ақысын жемеуді, ала жібін аттамауды бала кезден санаға сіңіріп, қара қылды қақ жарған әділеттілікке, туралыққа баулыған халқымыздың ұлттық тәрбиесіне негізделген бүгінгі шаралардың нәтижелі болары анық. Біздің айқын құндылықтарымыз – әділдік, парасаттылық және сенім.
Ұлжан ҰЛДАХАНҚЫЗЫ