Тоқсан сайынғы зерттеу

Сіздерден алынған ақпарат аса құпияда ұсталатынына және тек статистикалық мақсаттарға пайдаланылатынына кепілдік береміз.
Сіздердің жауаптарыңыз елдегі халықтың және өңірлер бойынша кедейшілік деңгейін анықтауға, мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық саясатының тиімділігі туралы нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл деректер жиынтық күйінде халықты әлеуметтік қорғау саласы дамуының әртүрлі бағдарламаларын әзірлеу үшін пайдаланылады.
Байқауға қатысушы ретінде Сіздің отбасыңыз мүлде кездейсоқ таңдап алынды. Үй шаруашылықтары, көше атаулары және үй нөмірлерімен барлық ғимараттар енгізілген Статистикалық тұрғын үй қоры тіркелімінен математикалық, кездейсоқ әдіспен таңдалып алынған болатын.
Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен іріктеп таңдап алынған 12 мың отбасынан 40 мыңнан аса адам осы зерттеуге қатысады.
Өтеулі қызмет көрсету шарты негізінде зерттелетін отбасыларға төрт есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай сыйақы (Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес міндетті салықтарды, жарналарды және басқа да төлемдерді есептеп шығарып) төленеді.
Сіздерден қажет ақпаратты ұсынуларыңызды сұраймыз. Сауалнама сұрақтарына жауап беру үшін растайтын құжаттар талап етілмейді, біз Сіздердің сөздеріңізге сенеміз.
Сіздердің қатысуларыңыз өте маңызды, сұрау нәтижелерінің нақтылығы Сіздің толық жауаптарыңызға байланысты.
Зерттеуді жүргізу үшін сұхбаттасушы Сізге жолығып, арнаулы куәлігін көрсетеді.Оның келу уақытын статистика органдарынан нақты білуге болады.
Сіз облыстық статистика департаментіне байланыс телефоны арқылы хабарласып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызды қоя аласыз.
Телефондар 8(727) 2-71-55-36.
Ынтымақтастығыңыз үшін алдын ала алғыс айтамыз!
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша департаменті