Ынтымақтың ырысы

Жеңіс мерекесіне арналған «Асар» әлеуметтік ынтымақтастық акциясы аясында ұйымдастырылған шараның мақсаты – тарихымызды таңбалап, бүгінгі бейбіт өмірімізді бағалау. Аға буынмен жаңа буын арасындағы сүйіс-пеншілікті нығайту. Жас ұрпақты ерлікке, отаншылдыққа баулу.
Қоғамдық-көпшілік шараларды ұйымдастыру қызметінің жетекшісі Нұржан Молдахметов соғыс ардагері Михаил Абрамович Тыщенко мен Татьяна Николаевна Громницкаяның, тыл еңбеккерлері Төлеуғайша Мырзахметова, Мадина Атабаева, Майнұр Ибраимованың отбасына арнайы барып, қарияларды мерекемен құттықтап, Қоғамдық келісім орталығының ардагерлерге деген ыстық ықыласы мен сый-құрметін жеткізді.
Мерекелік көңіл-күй сыйлаған ізгі ниетке мәз-мейрам болған қариялар ризашылығын білдіріп, ақ бата берді. Елімізге, жерімізге ырыс, бақ-береке тіледі.
Сұрапыл соғыстағы ұлы Жеңіс, соғыстан кейінгі қайта құрудың ұшан-теңіз игіліктері, бәрі-бәрі – ерен ерлік пен жасампаз еңбек-қорлықтың, халықтар арасындағы ұлы достықтың жемісі. Ынтымақтың ырысы сарқылмайды.
Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ