Ардагерлерге арналды

Сәні мен салтанаты жарасқан шарада мекеме басшысы Алма Нұрмұханова сөз сөйлеп, ардагерлерді жеңіс күнімен құттықтап, ақжарма тілегін білдірді. Сондай-ақ, жиналғандар соғыс даласынан қайтпай қалған боздақтар мен өмірден өткен ардагерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары ән айтып, қариялардың көңілін бір сергітіп тастады. Жезтаңдай, күміс көмей әншілер соғыс жылдарындағы танымал әскери әндерді шырқады. Осылайша өнер иелері бейбіт өмір сыйлаған батырларға алғыстарын жеткізді. Жасыл желек пен ашық аспан астында өткен шараға қариялар дән риза. Өз кезектерінде қарттар мен ардагерлер әр әнді ерекше ықыласпен қабылдап, тамсана тыңдап, бірге шырқап, қошемет көрсетті.
Гауһар Мұса