1400-ге жуық жетісулық қазақстандық вакцинаны салдырды.

Qaz-COVID-In (QazVac) вакцинасын ҚР Білім және ғылым министрлігінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары институты әзірледі. Qaz-COVID - In-бұлшықет ішіне енгізуге арналған белсенділігі жойылған вакцина болып табылады. Құрамында тазартылған белсенді емес SARS-CoV-2 штаммы бар.
«Екпе құрамында, жоғарыда атп өткендей SARS - CoV-2 вирусы бар. Ол химиялық реагентпен "өлтірілген", мұндай вакциналар жұмсақ, көтерілмейді. "Спутник V" векторлық вакцинасында вакцинаның бір бөлігі аденовирустарға отырғызылады, оған қарағанда, қазақстандық препаратта вирус толығымен жойылған күйде сақталады»,-дейді Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Әбілсейітұлы.
Айта кетейік, қазақстандық вакцина "Спутник V" сияқты, екі компонентті және 21 күндік аралықта енгізіледі.
Отандық вакцинаның артықшылықтарының бірі-сақтау шарттары, егер "Спутник V" -18-25 градус температурада сақталуы тиіс болса, қазақстандық вакцина 2-8 градус температурада, яғни кәдімгі тоңазытқышта сақталады.