Ұлт бірлігі – болашақтың кепілі

Мамыражай мамырдың алғашқы күні еліміз үшін ерекше мерекенің бірі. Атаулы мейрамда бейбітшілік пен келісім, бірлік пен ынтымақ сынды құндылықтар дәріптелетін күн. 1995 жылдың 18 қазанында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығы бойынша 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні деп жарияланды.
Ұлт бірлігі – болашақтың кепілі

Елімізде 1996 жылдан бері тойланып келеді. Мерекелену тарихы мен мазмұнына тоқталар болсақ: бұрын Кеңес Одағындағы еңбекшілердің таптық мерекесі болған 1 Мамыр Тәуелсіз Қазақстанның тарихына енгенде мүлдем жаңаша маңызға ие болды деуге болады. Айтулы күн ұлыстар мен ұлттардың бірлігін ұлықтап, Қазақстандағы барлық ұлт өкілдерін жұмылған жұдырықтай тұтастыруға үндеп келеді. Осылайша, мамыр мейрамы бүгінде көпэтносты елдің тыныштығы мен татулығының нышанына айналды. Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Елімізде түрі басқа тілегі бір, жүзі басқа жүрегі бір, діні басқа ділі бір 130-дан астам ұлт өкілдері Қазақ елін өз туған жұртындай көреді. Осының бәрі Елбасының қоғамдағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қатынастарды реттеудің тиімді тетіктерін жасай білуінің арқасында. Қазбек би айтқандай «Біз, қазақ, достықты сақтаған елміз, дәм тұзды ақтаған елміз» дегендей 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені саналатын «Қазақстан халықтары Ассамблеясы» құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор бастама болды. Бүгінде шаһарымызда да Қазақстан халықтары Ассамблеясындағы этно-мәдени бірлестіктер, Қоғамдық келісім мен Аналар кеңесі сынды ұйымдар жұмыс атқарады. Аналар кеңесі ұжымы қалалық «Денсаулық-зор байлық» отбасылық сайысын ұйымдастырды. Мақсаты – мектеп жасына дейінгі балаларда салауатты өмір салтын қалыптастырудағы отбасының рөлін анықтау және денсаулық саласындағы құзыреттілігін арттыру. Аталған байқау таныстыру, әкем анам және мен бөлімдерінен тұрды. Айта кетерлігі отбасылық сайыс онлайн форматта өтті. Жеңімпаз отбасыларға Аналар кеңесінің грамоталары мен Алғыс хаттармен марапатталды. Мамыр айында аталмыш кеңес жоспарға сәйкес ұлттық ойындарды дәріптеуге бағытталған «қазақтың ұлттық ойындары» атты шараны өткізбек.

Қазақстанның қарыштап дамуына да ең алдымен ұлтаралық саясаттағы тұрақ-тылыққа негізделген қағидаттың ықпалы зор. Биыл егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанымызға 30 жыл.

Гауһар МҰСА

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.