Әділдік – дамудың маңызды шарты

Текелі қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасы халықпен сындарлы сұхбат құру және ақпараттандыру шаралары арқылы тұтастық қағидаларын кеңінен дамыту мақсатында арнайы құрылған ақпараттық-үгіт насихат штабы жұмыс істейді.
Әділдік – дамудың маңызды шарты

Әр апта сайын штаб мүшелері халықпен онлайн форматта тілдесіп, адалдық, парасаттылық, әділдік ұстанымдары жайлы сұхбат құрады.

Өткен аптада «Қазіргі қоғам – жастар көзімен» тақырыбында Біліктілігі жоғары маман дінтанушы Мағжан Мұхаметпен және қала әкімінің баспасөз хатшысы Ұлжан Ұлдаханқызымен онлайн диалог ұйымдастырылды. Кездесу барысында жастар адалдық қағидаттары жайлы ойларымен бөлісіп, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыру басты міндет екендігін жеткізді.

Сондай-ақ «Шапағат» Текелі арнаулы-әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры, қалалық мәслихат депутаты Нұрмыханова Алма Мұханғалиқызымен «Адалдық – адамның бағалы қасиеті» тақырыбында сұхбат өткізілді. Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі «Әділдік. Сенім. Парасаттылық» қағидаты, па-рақорлықтан ой-сананы тазарту жолдары жайлы өз ойымен бөліскен орталық басшысы жастарды адал еңбек етуге шақырды.

Қазақ қоғамындағы ұлттық өнеге көріністері адамның бойында ізгілік, инабаттылық, парасаттылық секілді асыл қасиеттердің қалыптасуына игі әсер ететін тәлім-тәрбиенің қайнар көзі болып саналады.

Ақыл мен ой ми қызметінің ең жоғарғы сатысы болса, парасат – рух танымының алғашқы баспалдағы. Бүгінгі күні еліміздің жарқын болашағы үшін сыбайлас-жемқорлықтың кез келген түріне мүлдем төзбеушілік таныта алатын жастарды тәрбиелеу ұлы міндет.

Ұлжан ҰЛДАХАНҚЫЗЫ

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.