Ашықтыққа жасалған қадам

Мемлекет басшысы Қосым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында іске қосылған жоба мақсаты – ауыл тұрғын-дары мен ауылдық, сондай-ақ, қалалық әкімдіктегі мекеме басшыларымен тікелей байланыс орнату арқылы түйінді мәселелердің дер кезінде шешілуіне ықпал ету, байыбына бара алмай жүрген сұрақтарына жауап алу болып табылады.
Яғни, жоба аясында ауылда «Whats App» мессенджерінде арнайы топ ашылды. Оның құрамына ауылдық округ әкімі, мамандар, учаскелік полиция, амбулатория қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың төрағалары мен ауыл тұрғындары кірді.
Демек, ауыл тұрғындары өздері қосылған әлеуметтік желі арқылы мәселелерін, сыбайлас жемқорлық көріністерін ашық ортаға салады. Ауыл әкіміне, басқа да мемлекеттік мекемелердің жауапты тұлғаларына мұң-мұқтажын, ой-пікірін, кеңесін жеткізіп, сұрақтарын қоя алады.